Кафедраның профессорлық-оқытушы құрамы
Кафедраның профессорлық-оқытушы құрамы
Кафедра меңгерушісі, б.ғ.к. Сарсенова Лаззат Қадырғалиқызы.
Медициналық білім беру әдіснамасы саласындағы сарапшы. Шетелде, соның ішінде Израиль, Англия, Дания, Сингапур және Финляндияда білім алған. 2006 жылдан бастап медициналық білім беруді жаңғырту, МЖМБС, денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлеу бойынша ҚР ДСМ сараптамалық және жобалық топтарының қатысушысы; медициналық білім беру ұйымдарын аттестаттау және лицензиялық бақылау бойынша ҚР ДСМ және ҚР БҒМ Мемлекеттік комиссияларының қатысушысы; ҚР Білім беру ұйымдарын аккредиттеу бойынша НААР сарапшысы; 2016 жылдан бастап "медициналық білім беруді жаңғырту" ҚР ДСМ жобасы шеңберінде медициналық қызметкерлердің медициналық этикасы мен коммуникативтік дағдыларын дамыту жөніндегі жұмыс тобының үйлестірушісі.
Кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, PhD. Сатымбекова Динара Қанатқызы.
Ғылыми және кәсіби қызығушылықтың негізгі бағыты бұл дәрілік өсімдік шикізатынан фитосубстанцияларды әзірлеу және стандарттау болып табылады. 40-қа жуық ғылыми жарияланымның авторы және 2019 жас ғалымдарға арналған мемлекеттік стипендияның иегері. "Фармация" білім беру бағдарламасы бойынша кафедраның бірінші магистрантын дайындап қорғатты.
Ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық ынтымақтастық кафедрасы меңгерушісінің орынбасары, м.ғ.к., профессор Журабекова Гульмира Атагулловна
Ғылыми қызығушылықтары: репродуктивті морфология, аналық бездердің ісіктерінің малигнизациясының ерте предикторларын зерттеу, экологиялық қолайсыз аймақтардағы әйелдердің аналық резервінің жағдайын зерттеу. Бір магистрант пен PhD докторантты дайындап, қорғаудан өткізді.